ҚР Президенті кезекті Қазақстан халқына жолдауын бүкіл ұжым болып тыңдадық. Жолдау қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне арналады. "Ең аз жалақы мөлшері 28 мыңнан 42 мыңға ұлғайтылсын". Мемлекет басшысы ең төменгі жалақының мөлшерін 1,5 есеге арттыруды тапсырды. 2019 жылдың 1 қаңтарынан іске асады, деді. "Балалардың 95 пайызы балабақшаға барады. Бұл жоғары көрсеткіш. НАзарбаев Зияткерлік мектебінің стандартын орта мектептер үшін қолданылсын. Біздің балаларымыз - ғаламшар балалары. 2019-2021 жылы мектеп құрылысына 50 млрд теңге бөлінсін". "Баланың 3 ауысымда оқуына жол берілмесін". Ол түн ортасына дейін мектепте отырмауы керек.
Келесі жылы "Мұғалімнің мәртебесі туралы" Заң қабылдансын. Біз, жастар, қоғамның алдыңғы легінде Елбасымыздың жаңа жолдауын қолдай отырып, жолдауда көрсетілгендей білім саласына артылған жүктерді мойымай көтеріп, ел болашағы үшін аянбай тер төгеміз деп әріптестерімнің атынан сенім білдіремін.
