Сенім телефоны
(87182)676300
Мекенжайы: Ак. Сатпаев көшесі, 241 (87182)676300
(87182)676298
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 9.00 - 18.00 дейін
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Екінші педагогикалық кеңес
16-11-2018 11:39
Екінші педагогикалық кеңес

Екінші педагогикалық кеңестің тақырыбы: "Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық әрекетін дамытудың үштілдік бағытта қалыптастыру. Мақсаты: Балалардың танымдық қасиеттерін жас ерекшелігіне сай дамыту. Теориялық бөлімінде баяндамалар мына тақырыпта қорғалды: "Мектепке дейінгі балалардың логикалық ойлауын дамыта отырып, танымдық дағдыларын қалыптастыру", "Сенсорлық тәрбиенің бала дамуындағы маңызды және сенсорикалық тәрбиелік теориясының аспектісі". Сондай ақ, бұл пед кеңесте табиғат бұрышы бойынша әр топты қорытындылады. "Ең үздік табиғат бұрышы" номинациясы бойынша "Орта А" тобының тәрбиешілері: Байдилова Маржангүл Жақсыбаевна және Нурахметова Альмира Сапаровна марапатталды. "Үздік эксперименталдық орталық" номинациясы бойынша "Ересек А" тобының тәрбиешілері Шотова К.Б., Абенова Қ.К. және "Ересек Б" тобының тәрбиешілері Жумагожина Ж.Н., Аскарова А.К. иеленді. "Үздік макет" номинациясына 1-ші орын "І кіші" топ тәрбиешісі Ертісхан Амангүл ие болды. Пед кеңеске әр топ өздері қолдан жасаған логикалық кітапшалар, қауіпсіздік кітапшасын және түрлі фетрдан жасалған көрнекіліктерін алып келіп, кішігірім көрмсе ұйымдастырылды. Бұл екінші педагогикалық кеңесіміз продуктивті, қызықты әрі нәтижелі өтті.