Күннің екінші жартысы. Даярлық тобы
Даярлық тобының тәрбиешісі Төмірбек Гүлниса күннің екінші жарысындағы мазмұндық ойынды көрсетті. Дүкен ойынын таңдаған болатын. Балалар өздерін шын мәнінде дүкенде жүргендей сезініп, еркін ойнай білді. Сұрақтарын нақты толық қойып, толық жауап берді. Сондай ақ печенье пісіру үшін оған қажетті заттарды сатып алып, одан кейін өздері жасау ережесімен танысты. Ойын өте қызықты, әрі әсерлі болды.













