Педсовет № 3
№3 педагогикалық кеңесіміз "Мектепке дейінгі жастағы балалардың мазмұнды ойындар арқылы жүйелік, сабақтастық, үздіксіздік қағидаттары негізінде үштілділік танымдық - тілдік дағдыларын дамыту" тақырыбында болды. Мақсаты: мазмұнды ойын арқылы балалардың үштілде және байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. "Мектепке дейінгі балалардың тілін мазмұнды ойындар арқылы дамыту", "Мазмұнды ойынның маңыздылығы және принциптері" және "НЕліктен балабақшада мазмұнды ойынды ұйымдастыру қажет" тақырыптарында баяндамалар оқылды. Педагогтар тақырып бойынша дайындаған видео роликтерін ұсынды.




