"Ұлы дала ұрпағы" байқауы
Еліміздің президенты Н.Ә.Назарбаевтың халқымызға рухани жол көрсететін жаңа бағдары "Рухани жаңғыру" аясында бақшамызда "Ұлы дала ұрпағы" атты байқау өткізілді. Байқауға 12 балабақша өз өнерлерін көрсетіп, ат салысты. Қазағымыздың батыр, хандарын сомдап, актерлік шеберліктерін шындады. Халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын қаншалықты білетіндерін балалар барынша көрсетті. Байқау соңында орындар беріліп, мадақталды.



















