Кел жаңа жыл, жаңа жыл.
Аққарлатып, борандатып
Аяз Ата, Ақшақар
№6 сәбилер бақшасында
ІІ сәбилер топтарындағы
Жаңа жыл кешіне,
Келіп жетті, қуантып.
2010 жылдың 28- ші желтоқсанында ІІ сәбилер топтарында «Жаңа жыл кеші» атты мерекелік ән-шашу өтті. «Жаңа жыл кешінде» сәбилер топтарының балаларының жүздерінде күлкі ойнап қуаныштарында шек болмады. 2011 жыл бақытты да баянды жыл болсын деген тілекпен, Аяз Ата өнерімен сүйсіндірткен балаларды сыйлықтарымен шаттандыртты.
