Сенім телефоны
(87182)676300
Мекенжайы: Ак. Сатпаев көшесі, 241 (87182)676300
(87182)676298
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 9.00 - 18.00 дейін
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Мекенжайлық анықтама туралы
01-11-2019 17:53

ҚазақстанРеспубликасыныңЦифрлық даму, инновацияларжәнеаэроғарышөнеркәсібіминистрлігіхабарлайды

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (ПИ-29923) Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында 2019 жылғы 23 қыркүйекете мақұлданғандығын хабарлайды.

Осылайша, жоғарыда көрсетілген жоба шеңберінде «Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі ағымдағы жылғы 1 қарашадан   бастап алып тасталатын болады  (Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің 12-жолы басқа жаңа қызметке ауыстырылды). Сәйкесіншеаталғанөзгерістердіңқолданысқаенгізілуіненкейіназаматтардантұрғылықтыжеріненмекенжайанықтамаларынталапетілуінболдырмауқажет.

Осыған байланысты, барлық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелер мен жергілікті атқарушы органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері, мемлекеттік емес ұйымдар мен халық, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, шетел ұйымдары мен шетел компаниялары арасында кең ауқымды түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажет.

Осылайша, барлық мүмкін мекемелерде: мектептер, ауруханалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтары, елшіліктер мен консулдықтарда, трансұлттықкомпаниялар, халықаралық ұйымдарда – қандай да жағдай болмасын Қазақстан Республикасының азаматтарынан тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамалары талап етілмеуі қажет.

 

Вице-министр                                                                                         А. Оспанов