ARQA САРАПШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ-СҰХБАТ.
Біздің балабақша Павлодар педагогикалық университетінің «Дефектология» мамандығы бойынша студенттеріне арналған тәжірибе базасы болып табылады. Университетті аккредиттеу аясында біздің балабақшаға аккредиттеу комиссиясының мамандары келіп, студенттердің өндірістік тәжірибеден өту барысымен танысты. Сондай-ақ, ARQA сарапшыларымен кездесу-сұхбатта балабақша меңгерушісі Гүлнар Құдайбергенқызы баяндама жасады.