Студенттік тәжірибе
Біздің балабақшамыз Павлодар педагогикалық университетінің «Дефектология» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттері үшін тәжірибе базасы болып табылады. Тәжірибеде студенттер жай бақылаушы емес, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тікелей қатысушылары болып табылады: мұғалімдердің жетекшілігімен фронтальды және жеке логопедиялық сабақтар жүргізеді, ертеңгілікке дайындалуға қатысады, әртүрлі дидактикалық ойындар мен әдістемелік құралдар жасайды. Сондай-ақ, бакалавриат тәжірибесі аясында балабақша базасында студенттер дипломдық жұмысының практикалық бөлігіне қажетті зерттеулер жүргізеді.