Ақ жол, түлектер!
Балаларымыздың өміріндегі алғашқы бала бақшаны бітіру күні болды. Олар көп ұзамай ойыншықтарын кітаптарға, дәптерлерге, қаламдар мен сызғыштарға ауыстыратын болады. Түлектер тәрбиешілерінің басшылығымен керемет көңілді мереке әзірледі. Бала бақшаның балалары, ата-аналары мен қызметкерлері жақсы әсер мен көңіл күйде болды. Балаларға бала бақшада үйренгендерін ұмытпай, үздік бағаға оқып, ата-аналарын қуанта берсін деп тілейміз.