Сенім телефоны
8(7182)626840
email: https://bilim-pavlodar.gov.kz/index/fromorg/127 garden142010@mail.ru
Мекенжайы: Торайғыр көш. 99/2
8(7182)620083 garden142010@mail.ru
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
07.00-19.00 сағ
За год
За месяц
За неделю
Вчера
МЕРЕЙТОЙ, МЕРЕЙТОЙ, МЕРЕЙТОЙ!
10-05-2011 13:29
МЕРЕЙТОЙ, МЕРЕЙТОЙ, МЕРЕЙТОЙ!

 Гүлнәр Құдайьергенқызы Жұмабекова мектепке дейінгі тәрбиелеу жүйесінде 20 жылдам астам қызмет етуде, жақсы басшы, ұйымдастырушы, шаруагер. Көп жылдар бойы балабақшада тәрбиеші болып, артынан басшы болып қызмет етіп, мектепке дейінгі мекеменің ішкі өмірін меңгерген. Гүлнәр Құдайбергенқызы Жұмабекова – тәжірибелі, шығармашылық,  жоғары кәсіби-іскерлік сапалары бар ынталы басшы.  

            Мектепке дейінгі тәрбиелеу жүйесіне өте жас болғанда келіп, тәрбиеші болып жұмыс атқарды. 2006 жылы балабақша басшысы қызметіне тағайындалды. 5 жылғы жұмыс ішінде Гүлнәр Құдайбергенқызының басшылығымен 2 балабақша ашылды: №14 бала бақша, №30 сәбилер бақшасы, оларда позитивті өзгерістер болды және әлі де болып жатыр, сонымен қатар кәсіпорын алдында қойылған мақсаттары орындалуда. 2010-2011 оқу жылында Гүлнәр Құдайбергенқызының МДМ басшылық қызметі құрмет грамотасымен белгіленді. Балаларды сүйетін, көмектесе алатын және де бір-бірінің табыстарына қуанатын екі педагогтар ұжымын құрды, бұл да оның зор еңбегі. Гүлнәр Құдайбергенқызы – талап етуші  ынталы адам, ол үнемі педагогтың жұмысын жаңа ізденіске, өз жұмысына шығармышылық жақындауына бағыттайды.

            Заманауи талаптарға сай басшы болу өте жауапты және қиын. Жан-жақты білімі және үлкен тәжірибесі ұжыммен бірге жаңа формаларды, қазіргі заман талаптарына сәйкес әдістерді және балаларды тәрбилеу мен оқыту құралдарын меңгеруге көмектеседі. Бүгін балабақшаның барлық ұжымы, ата-аналар мен балалар Гүлнәр Құдайбергенқызын Мерейтоймен құттықтаймыз!

Құрметті Гүлнәр Құдайбергенқызы!

Сізді Мерейтоймен құттықтаймыз!

Мықты болып әрқашанда деніңіз,

Бұл өмірден тек қуаныш көріңіз.

Махаббат пен ырыс-бақ боп досыңыз,

Туған күнді әр жыл тойлар беріңіз.

 

Өмір жыры таусылмасын мәңгілік,

Тұрсын алдан арайланып таң күліп,

Бақыт болсын әрқашанда жолығар,

Шаттығыңыз тау суындай молығар.

 

Тілейміз бақытты өмір ашық аспан,

Жалғанда тілек бар ма одан асқан.

Аман боп жанұяң мен бауырларың,

Жалғансын ақ таңдарын нұрын шашқан!

Тілек білдірушілер: балабақша ұжымы, ата-аналар, балалар!