2017 жылғы ақпан айының 22-нен 23-і аралығында бала бақшамызда «Денсаулық» білім беру саласы бойынша ашық сабақтар өткізілді. Бұл тапсырмалар педагогтарға «Балаларды сауықтандыру бойынша ата-аналармен жұмысты біріктіру тәсілдері мен инновациялық әдістері» деп аталған бала бақшаның №3 педагогикалық сағатында және екінші жылдық міндетінде жоспарланып, берілген болатын.
Ортаңғы қазақ тіліндегі «Теңізшілер» тобының тәрбиешісі С.М.Романова дәстүрлі емес элементтерді қолданылып, «Қысқы орманға саяхат» деп аталған таңғы жаттығуды көрсетті, онда балалар қонжыққа апанынан шығуға, анасын жоғалтып алған көжекке және адасып қалған кішкентай түлкіге көмектесті.
Ересек орыс тіліндегі «Балапан» тобының тәрбиешісі А.Қ.Қожасова «Денсаулық» бөлімі, «Қауіпсіздік тәртібінің негіздері» бөлімі бойынша «Күн, ауа және су – біздің жақсы достарымыз» тақырыбында оқу-іс әрекетін өткізді. Қонаққа доктор Айболит келіп, өзінің аңдарын емдеуге көмектесуді сұрады.
Даярлық қазақ тобының тәрбиешісі Г.С.Ажкенова балалармен бірге ғарышқа саяхат жасап, онда Лунтикке және оның досына ағзаларын сауықтырып, шынықтыру бойынша көмектесті.
Даярлық орыс тіліндегі «Жұлдыздар» тобының тәрбиешісі И.В.Цветкова «Қауіпсіздік тәртібінің негіздері» бөлімі бойынша «Өрттің алдын алу шаралары» тақырыбында оқу-іс әрекетін өткізді. Балалар төтенше жағдай кезінде қандай әрекет жасау керектігін үйреніп, өрттің шығу себептері туралы білімдерін кеңейтіп, электр құралдарын қолданған кездегі қауіпсіздік шаралары туралы үйренді. Кроссворд шешіп, схемалар бойынша жұмыс жасап, «сауықтыру массажын» жасады.
Сондай-ақ, жас педагогтар да өздерінің оқу-іс әрекеттерін көрсетті. Олар - ортаңғы қазақ тобының логопеді Жанерке Аманжолова «Зообакта» тақырыбы бойынша өткізді, онда аңдар зообақтан адасып кетіп, қалаға келіп, балалардан қайта зообаққа жол көрсетуді сұрады.
Даярлық орыс тобының логопеді Е.В.Морозованың «Ыдыстар» тақырыбында қонаққа Федора келіп, балалардан ыдыстарын қайтарып алуға көмектесуді сұрады.