Бала бақшамызда 19 мамыр күні мектепке дейінгі ұйымдардың логопедтеріне арналған «Инновациялық технологияларды қолдану. Балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру » тақырыбында семинар өткізілді. Практикалық бөлімде мемлекеттік тілде оқытылатын даярлық тобының балаларымен «Коммуникация» білім беру саласының «Тіл дамыту» бөлімі бойынша «Жабайы жануарлар» тақырыбында сабақ көрсетілді. Сабақты 2-санатты логопед Айгерім Айтпайқызы Жаңабаева өткізді. Ересек «Балапан» тобының балаларымен санаты жоқ логопед Боташева Алма Нұржанқызы «Тіл дамыту» бөлімі бойынша «Жемістер» тақырыбында сабақ өткізді. Педагогикалық марафонға №14, 26, 52 бала бақшаларының логопедтері қатысты. «Жалпы сөйлеуі дамымаған балалардың байланыстырып сөйлеуін дамытуда әртүрлі технологияларды қолдану», «Лэпбук – балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру», «ТРИЗ – ТРИЗ-ді сабақтарда қолдану» тақырыптарында баяндамалар оқылды. Психолог Зұлқия Қонақпайқызы Букенбаева «Алақандағы інжугүл» релаксациясын өткізді. Соңында «Менің айтқым келгені...» дидактикалық әдістемелер мен рефлексияларының көрмесі өтті. Жалпы, педагогтар инновациялық технологиялар бойынша, «Лэпбукті» құру идесы бойынша, тұсаукесерлерді сауатты түрде безендіру бойынша пайдалы кеңестер алды және алдағы түзету жұмыстарына табыстар тіледі.
Мектепке дейінгі ұйымдардың логопедтеріне арналған семинар