Бүгін өте маңызды күн болды, бүгін біздің балаларымыздың өміріндегі ең алғашқы - бала бақшадан түлеп ұшқан күндері. Көп ұзамай олар ойыншықтарын кітаптарға, дәптерлерге, қалам мен сызғышқа ауыстырады. Уайымсыз балалық шақпен қоштасу өте қиын. 30 мамыр күні даярлық топтарында бала бақшаны бітіріп шығу мерекесі өткізілді. «Жұлдыздар» даярлық тобында балалар жеті қырдың астындағы патшалыққа Вовкамен бірге аттанып, мейірімді, еңбекқор болуды үйреніп, өз білімдерін тексерді.
Мемлекеттік тілде оқытылатын «Балауса» даярлық тобындағы балалар «Ғылым магистрінің» барлық сұрақтарына жауап беріп, Шапокляк кемпірдің кеңестерін тыңдамауға сөз берді. Ал «Күншуақ» даярлық тобындағы мерекеге балалардан сұхбат алған тілші келді және барлығы Дымбілмеспен бірге саяхатқа аттанды.
Жалпы мереке қызықты болды, ата-аналарға, бала бақшаның қызметкерлеріне өте ұнады. Балаларға бала бақшада үйренгендерін ұмытпай, сабақтарын «беске» оқып, ата-аналарын қуанта берсін деген тілек білдіргіміз келеді.
До свиданья, детский сад!