Білім жолында
1 ақпан күні даярлық «Балапан» тобының тәрбиеленушілері №6 балалар кітапханасында болды, онда Павлодар облысының 80 жылдығына арналған «Павлодар – менің туған қалам» атты поэтикалық кездесу өткізілді. Кездесуді №31 бала бақшасының педагогтары ұйымдастырды. Балалар Ертіс өңірінің ақындары туралы әңгімелеп, қазақ және орыс тілдерінде тақпақтар оқыды.
Кітапқа деген қызығушылық әрқашанда адамдарды біріктіреді, қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеп, адамгершілік және рухани құндылықтарды қорғаушы болып табылады. Балалар кітапханасының есігі келем деушілерге әрдайым ашық, балаларға уақытты пайдалы өткізуге көмектеседі, ал ата-аналарға да баланы үйлесімді түрде тәрбиелеуге көмек көрсетеді.