Бүгін бала бақшамызда педагогтардың ата-аналармен өзара қатынасы мәселелеріне арналған педсағат өтті, оның мақсаты бала бақша педагогтарының тәрбиеленушілердің отбасыларымен өзара қатынас жасау мәселесі бойынша кәсіби шеберліктері деңгейін арттыру болды. Өткізілу түрі – «Ауызша журнал». Педагогтар ата-аналармен дәстүрлі және дәстүрлі емес жұмыс түрлері көрсетілген баяндамалар оқыды. Аталмыш педкеңес бұрынғылардан тәрбиеленушілердің ата-аналарын жұмылдыруымен ерекшеленді. Сондай-ақ, ата-аналар да сөз сөйлеп, бала бақша жұмысы туралы , нақтырақ айтсақ, балаларының сөйлеу динамикасын арттыру мақсатында педагогтармен өзара қатынастардың тиімділігі туралы пікірлерін білдірді. Педкеңесті өткізу барысында бала бақша психологы педкеңес тақырыбына арналған әртүрлі психологиялық тренингтер өткізді.
№ 4 педкеңес. Тақырыбы: «Бала бақша және отбасы: өзара қатынас аспектісі»