Біздің балабақшамызда көктемнің алғашқы мейрамы, яғни 8-наурыз Халықаралық Әйелдер мерекесіне орай ертеңгіліктер ұйымдастырылды. Ертеңгілік барысында әр топ балалары аналарына дайындаған ән, тақпақ. билерін паш етті. Сонымен қатар, аналарына деген өз қолдарынан жасаған сыйлықтарын да ұсынды. Ертеңгілікте Көктем, Күлдірген, Хан мен Ханша, Карлсон. Алтын балық сынды кейіпкерлер қатысты. Балалар ерекше құлшыныспен қатысып, өздеріне берілген қойылымда жоғары көңіл күймен өздерін көрсете білді. Ата-аналардың көңілдері ерекше толып, жүректері қуанышқа толы болды. Барлық аяулы аналар, ардақты әжелер, ару қыздарымызды келе жатқан 8-наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз. Бастарыңызға амандық, деңдерінізге саулық тілейміз. Көктемнің шуақты күндеріндей жарқырап, жайнап жүре беріңіздер!Мерекелеріңіз құтты болсын!
8-Наурыз ертеңгілігі