Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
55-98-37
email: sad27@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Жәшһүр Жүсіп көшесі, 27/1
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Құрметті ата-аналар, НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!!! АҚПАРАТ!
05-11-2019 15:57

 Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысының (ПИ-29923) жобасы 2019 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында мақұлданғанын хабарлайды.

Жоғарыда көрсетілген жоба аясында "Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру" мемлекеттік қызметі ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап алып тасталады. Тиісінше азаматтардың тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасын осы өзгерістер күшіне енгеннен кейін талап етуге болмайды.

Мекенжай анықтамасын Қоғамның филиалдары арқылы да, "электрондық үкімет" порталы арқылы да алуға болмайды.

Қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушылар порталдағы жеке кабинетте немесе e-Govmobile арқылы өз тіркелу орнын тексере алады.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдар ІІМ деректер базасымен ықпалдастырылған өздерінің ақпараттық құралдары арқылы осы ақпаратқа қол жеткізе алады.

Бұл ретте, басқа ұйымдар, оның ішінде жеке компаниялар, оларғақажет болғанжағдайдаақпараттыпорталда орналастырылған үшінші тұлғалар сервисі арқылы анықтама алуғамүмкіндігі бар. Бұл мүмкіндік бір рет егер азамат тіркеу туралы мәліметтерді СМС арқылы келісімін берсе ғана алуға болады.

Көрсетілетін қызмет алушының телефонына СМС келуүшін,мобильдік азаматтар базасында тіркелу міндетті шарт болып табылады.

Осы кезекте, мобильдік азаматтар базасында тіркеуді дербес порталдағы жеке кабинетте жүзеге асыруға немесе кез келген жақын маңдағы фронт-офиске жүгінуге болады.