Кітапханаға саяхат!
Балабақшаның ортаңғы топ балалары мен ересек топ тәрбиеленушілері "Кітапханаға саяхат" жасап, кітапханашымен кездесіп, әртүрлі көркем әдебиетпен танысты. Кітапханашы балаларға арналған ертегілер мен әңгімелер кітаптарын, жазушылардың суреттері мен портреттерін және де бейне сюжет көрсетті.
