Қыста қауіпсіздік
Балалар жарақаттануын болдырмауға бағытталған «Қыста қауіпсіздік» атты іс-шарасы шеңберінде №23 сәбилер бақшасында ата-аналармен ақпараттық жұмыс жүргізілді. Балалардың қауіпсіздік ережелерін бекіту үшін жылжымалы папкалар, жадынамалар, буклеттер жасалды. Мақсаты: Балалардың қауіпсіздігі мәселесінің өзектілігін, маңыздылығын түсіндіру, осы мәселе бойынша ата-аналардың білім деңгейін көтеру, отбасыға қажетті ережелерін белгілеу.


