Ересек "Г" тобының балалары терезе алдына бақ отырғызды
Ересек "Г" тобының балалары терезе алдына бақ отырғызды Мақсаты: балаларды мәдени өсімдіктерді өсірудің практикалық қызметіне баулу.Терезедегі бақ балалардың балабақшаға деген қызығушылығын және олардың байқағыштығын дамытуға ықпал етеді. Бұл өсімдік тіршілігін жақсы түсінуге көмектеседі. Өсірілген өсімдіктердің сұлулығынан жақсы әсер алу қабілетін, эстетикалық сезімін кеңейтіп, дамытады. Балалар көкөніс бақшасын отырғызуға белсенді қатысты. Біз пияз, аскөк, гүл отырғыздық. Бәріміз қосылып дәмді егін өсіреміз деп ойлаймыз.
