"Қауіпсіз терезе"
ҚҰРМЕТТІ ЕРЕСЕКТЕР!
Үйде балалар болған кезде ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН:
Балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдыру немесе жасы келген адамдардың және кәмелетке толмаған балалардың (аға, әпкелердің) қарауымен қалдыруға болмайды.
Терезелерді ашық қалдырмаңыз, жоғарғы терезелерді немесе тік желдету режимін қолданыңыз.
Есіңізде болсын: москит торы жас баланың салмағына төтеп бере алмайды.
Терезелерде арнайы құлыптарды немесе торларды қолданыңыз : шектегіштер, құлыптар, балалар құлыптары, тізбектер, торлар.
Қауіпсіздік, зейін және бақылаудың қарапайым шаралары баланың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі
