"Қайырымды себет"қайырымдылық акциясы
"Қайырымды себет"қайырымдылық акциясы. Бұл акцияға балабақша қызметкерлері, ата-аналар мен балалар қатысты. Біз "Ана мен бала үйі" дағдарыс орталығына 6 қап киімдер, 1 қап ойыншықтар мен кітаптар жинадық. Осы акцияның басты мақсаты қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға көмектесу. Қатысуға шешім қабылдай отырып, біз, ең алдымен, өзімізге – сәл жақсы және мейірімді болуға көмектесеміз. Жақсылықтың әр импульсі адамның жанын байытып, айналасындағы әлемді мейірімді етеді.
