Ересек «Б» тобында Президент күніне арналған тақырыптық сабақ өтті. Сабақ барысында балалар Қазақстан жері бойынша «саяхат жасап», оның сұлулығы, байлығы, халқының бірлігі туралы ойларымен бөлісті. Бұл тікелей елбасымыздың арқасында жүзеге асуда. Балалар Президент болудың қиын әрі жауапты іс екендігін танып, оны мақтан тұтатындықтарын айтты. Осы тамаша күні балалар әуе шарлары арқылы өз құттықтауларын елбасы Н.Ә.Назарбаевқа жолдады. Осы кездегі балалардың қуанышында шек болған жоқ.