"Менің сүйікті анам" суреттер көрмесі
Барша нәзік жандылардың сүйікті мерекесі Халықаралық әйелдер күні қарсаңында бақшамызда "Менің сүйікті анам" суреттер көрмесі өткізілді. Бейнелеу өнері пәні мұғалімі ұйымдастырған бұл көрмеде бүлдіршіндердің өз аналарын, әжелерін бейнелеген суреттері ілінді. Мереке қарсаңында бұл суреттер ата-аналарға үлкен қуаныш сыйлады.
№23 сәбилер бақшасы барша аналарды, асыл жанды әжелерді, сұлу қыздарды 8 наурыз мерекесімен құттықтайды! Көктемнің алғашқы гүлдеріндей әрқашан жайнап, жадырап, жарқырап жүре беріңіздер!
