Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)33-61-82 - балабақша, 8(7182)320560 - білім беру бөлімі, 8(7182)321937 - білім беру басқармасы
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Вс. Иванов көшесі, 62
8(7182)33-61-82 бухгалтерия 8(7182)62-13-96 вахта
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 9.00-13.00 сағ. Жұма: 14.00-18.00 сағ.
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Қош бол, балабақша!
02-06-2017 07:48
Қош бол, балабақша!

Кешегі бүлдіршін балалар бүгін есейіп балабақшамен қоштасып жатыр. Ересек топ тәрбиеленушілерінің бақшамен қоштасу кеші өтті. Балалар осы жылдар бойы жинаған өнерлерімен бөлісіп, ата-аналар тәрбиешілерге, педагогтар ұжымына алғыстарын білдірді. Бақшамыздан түлеп ұшқан бүлдіршіндерге әрқашан жолдарың ашық болып, биік белестерден көріне беріңдер дегіміз келеді!

Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл ойларың.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойларың.
Сәтті болсын жолдарың,
Айналайын гүлдерім.
Ақ шуақты күндерім,
Ерекше қызық тілдерің.
Естен кетпес үндерің,
Сүйкімді балғын бала шақ.
Сендердікі болашақ
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар.