"Алтын күз!" көрмесі
Қазан айының басында балалардың алғашқы ертеңгіліктері, маусымдық мерекелері бастауын алды. Жер бетін сары түске бояған "Алтын күз" маусымдық мерекесі қарсаңында балабақшамызда ата-аналармен бірігіп ұйымдастырылған жемістер мен көкөністерден жасалған туындылардың, суреттердің көрмесі өтті. Көрме барысында әр түрлі жемістер мен көкөністер, дәстүрден тыс сурет салу әдістерін қолданған ата-аналарымыздың қиялдарына тамсандық! Көз жауын алатын көрме апта бойы жалғасын тапты.










