Жалпы ата-аналар жиналысы
2018 жылғы 12 қазанда біздің балабақшада жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа барлық топтардың ата-аналары қатысты. Күн тәртібінде бірнеше сұрақтар қарастырылды: ата-аналар активін сайлау, жеке меншік қаражатты қолдану туралы. Жиналыста сәбилер бақшасының басшысы сөз сөйледі. Сонымен қатар бухгалтер, медбике және логопед қатысты. Белсенді ата-аналар грамоталармен марапатталды. Ата-аналар үшін ортаңғы және ересек топтарының қалалалық сайыстарының лауреаттары өнерлерін көрсетті.



