Қымбатты балалар!
Жадыраған жаздың алғашқы күніне тұспа-тұс келетін төл мереке – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ата-бабаларымыз: «Баланың өскен бесігі, кең дүниенің есігі», - деп айтқандай, біздің көңіліміздің гүлі, көзіміздің нұры, біздің болашағымыз – бүлдіршіндер, сендерсіңдер!
Сондықтан қашанда жүректерің бақыт пен мейрімділікке, таза ниетке толы болсын, жүздеріңнен күлкі кетпесін.
Сендердің жарқын болашаққа нық қадам басып, еңсесі биік елдің азаматтары атануларына тілектеспіз.
Балалар, бұл — сендер үшін ең маңызды күн. Өйткені, ол өздеріңнің еншілеріңе тиген төл мейрамдарың болып есептеледі. Мерекелерің құтты болсын, жас достар! Барлығыңызға денсаулық, табыс тілейміз.