Сенім телефоны
8 (7182) 53 - 84 -60
email: sad22goo@mail.ru
Мекенжайы: Айманов көш, 39 үй
Қабылдау Бөлмесі: 8 (7182) 53 - 84 – 60; Есепші - 8 (7182) 53 - 84 – 60; Вахта - 8 (7182) 53 - 05 - 96
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі, жұма -16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Балаларды бақылаусыз ашық терезе жанында қалдымаңыз!
19-04-2019 11:46
Балаларды бақылаусыз ашық терезе жанында қалдымаңыз!
  1. Баланың құлау жағдайлары көбінесе ата-аналардың балаларды қараусыз қалдырғандықтан орын алады. Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыз!
  2. Ешқашан, москит торына сенбеңіз! Олар құлаудан қорғауға арналмаған.Керісінше, москит торы трагедияға ықпал етеді, өйткені бала өзін қауіпсіз сезінеді және терезеге де, оған да сүйенеді. Балалар осы торлармен бірге жиі құлайды.
  3. Баланың терезеге шыға алмауы үшін жиһаздың барлық түрлерін терезеден алыстатыңыз.
  4. Мүмкіндігінше, терезелерді төменнен емес, жоғарыдан ашыңыз.
  5. Бала терезені бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейтін арнайы бекіткіштерді қойыңыз.
  6. Терезе темір торын құрып, терезелерді қорғаңыз. Темір тор балаларды ашық терезеден құлаудан қорғайды.
  7. Терезеге жақын тұрған төсек немесе жиһаздарда баланың секіруіне жол бермеңіз.
  8. Балаларға қауіпсіздік ережелерін үйретіңіз.Ересек балаларыңызды  іні-қарындастарына, бауырларына қарауға тәрбиелеңіз.

 

 

Жыл сайын, кішкентай,  әсіресе 3-тен 5 жастағы балалардың  терезеден құлап кетуі бойынша жазатайым оқөиғалары күн жылынған кезде күрт өсуі байқалады.

 

Дәрігерлердің мәліметінше,

терезеден құлаған оннан аса бала клиникалық ауруханаларға түседі.

Көп жағдайда балалар ауыр жарақат алады, олар жүйке-жүйесінің, аяқ-қолдың, сүйектің, ішкі ағзалардың зақымдануына әкеп соғады. Бала  өз денсаулығын қалпына келтіре алмай өмір бойы мүгедек болып қалады. Бала оқиға орнында немесе ауруханаға барар жолда қайтыс болады.

 

Жылы  мезгілдің келуімен ата-аналар өз балаларына ерекше көңілмен қарауы керек, оларды ашық терезелерге жақындатпай, сондай-ақ терезе алдына қоймағаны дұрыс.