Ортаңғы "Б" Непоседы тобында дене шынықтыру сабағы

Бала тәрбиесіндегі басты нәрсе не? Бала дені сау болып өсуі керек. Дені сау баланы тәрбиелеу оңайрақ, барлық қажетті білім мен дағды тезірек қалыптасады. Денсаулық – мінезді дұрыс қалыптастыруды, бастамшылықты, мықты ерік-жігерді, дарындылықты, табиғи қабілеттерді дамытудың ең маңызды алғышарты. Дене шынықтырудың мақсаты – адам ағзасының өмірлік қызметіне жағымды әсер ету. Мектепке дейінгі жас баланың физикалық, ақыл-ой және психикалық дамуы үшін ең маңызды болып саналады. Осы кезеңде оның денсалығының негізі қаланады. Сондықтан дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарының басты міндеті – денсаулықты нығайтуға үлес қосу, мектеп жасына дейінгі баланың физикалық дамуын жақсарту.