Халықаралық әйелдер күні
Балабақшадағы 8 Наурыз – көктемнің келуін білдіретін мереке. 8 Наурыз – халықаралық әйелдер күні, нәзіктік, мейірімділік пен сұлулық мерекесі. Осы күні ешқандай әйел назарсыз және сыйлықсыз қалмайды. Кішкентай бүлдіршіндер бұл мерекеге міндетті түрде қатысуы керек, өйткені сәбидің ауызынан шыққан анасы мен әжесі туралы сүйкімді өлеңнен басқа әсерлі ештеңе жоқ. Балалардың шынайлығы мен пәктілігі бұл күні ата-аналарды қуантары сөзсіз. Сонымен қатар, бұл балаларға түрлі жарыстармен, ойындармен және қойылымдармен көңіл көтерудің тамаша мүмкіндігі. Балабақшада осы тамаша мерекеге арналған ертеңгіліктер өткізілді. Балалар аналар мен әжелерге керемет концерт дайындады: оларды қуанты үшін әндер мен билер орындады.