Ата-аналар жиналысы

Мемлекеттік және орыс тілінде оқытылатын мектепалды топтарының тәрбиешілері 2021 жылғы наурыздың 12 ZOOM платформасы арқылы «Балалардың мектепке дайындығы» тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді. Кездесуге бастауыш сынып мұғалімдері шақырылды, олар алдағы күзде бірінші сынып оқушыларын қабылдап, жаңа өмірге жетелейді. Бұл №28 ЖОМ мұғалімдері Нургалиева Замзагүл Қабдыжалеловна және Чукреева Елена Леонидовна. Мұндай кездесулер ата-аналарға мұғалімдермен танысуға, күмәндерін шешуге және баласына қатысты дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік береді.