"Үздік тәрбиеші" сайысы
Сәуір - тәрбиешілер үшін өте белсенді, зейінді болуды талап ететін өте маңызды ай. Бұл айда бір-бірімен бәсекелесуге, жақсы жақтарын көрсетіп, өздерін бағалауға мүмкіндік беріледі. Мүның бәрі "Үздік тәрбиеші" атағына арналған сайыста. Байқау кезеңдерінің бірі - білім беру идеяларын практикада көрсету мақсатында ашық сабақтар. Тәрбиешілер балалардың іс-әрекетін шебер басқарды. Белгілі бір мәселені шешу үшін жаңа материалды игеруге түрткі болатын шарттар, әдістер мен тәсілдер табып, балалардың бойында ойлау, дәлелдеу, қиындықтарды жеңуге деген ұмтылысты дамытты.