Қош бол, балабақша!
Балабақша бітіру кеші – бұл алғашқы өзіндік қорытындылау, жетістіктер туралы сезіну және алдағы оқиғаларды күту, сонымен бірге қуанышты және сәл мұнды мереке. Бұл алаңсыз уақытпен қоштасу және қызықты мен тартымды білім әлемінің кілті, ересек өмірге ауысу. Алда мектеп –мектептегі қуаныштар, сыныптастар, үзілістер, қоңыраулар және сабақтар. Алғашқы қиындықтар, тақта алдындағы жауаптар, бағалар және үй жұмысы. Алда әлі көптеген жаңа, қызықты және әсерлі сәттер.