Жас басшылар мектебі

2022 жылдың 11 ақпанында «ММ жиһаз: таңдаудың маңызды аспектілері» тақырыбында онлайн-семинар өтті. Семинарда басшы С.Х.Бертыбаева баяндама жасады. Онлайн-семинар барысында мектепке дейінгі мекемелерге жиһаз таңдау бойынша ұсыныстар берілді. «Балалар жиһазына қойылатын жалпы талаптар», «Балалар жиһазына қойылатын гигиеналық талаптар», «Жиһаздың жобалы тізімі» - осы және басқа да өзекті сұрақтарға осы нұсқаулықтан табуға болады. Жиһаздың дұрыс пайдалануы балалардың физикалық дамуы, көру бұзылыстарының және мүсін бұзылуының алдын алу үшін үлкен маңызы бар.