Сенім телефоны
8(7182)533534
email: sad21@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Астана көшесі, 1 А
8(7182)533534
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Жұмыс күндері: 9.00-13.00 14.00-18.00
Алғыс айту күні
01-03-2023 16:05
Алғыс айту күні

Көктемнің алғашқы күнін Қазақстандықтар "Рахмет" сөзімен қарсы алады. Себебі 1 наурыз күні елімізде жас, бірақ мағынасы өте терең мереке - Алғыс айту күні өтіледі. Алғыс айту күні айтұлы мереке, өйткені Қазақстан қиын-қыстау кезеңдерде әртүрлі ұлттардың миллиондаған қоныс аударушыларын қабылдап, оларға екінші Отанын сыйлаған қонақжай мемлекет ретінде ашылады. Бұл күнге Қазақстанның әр аймағында мерекелік бағдарлама дайындалады. Біздің ұжым да бұл мерекеден шет қалмады. Балабақша педагогтарымен «Алғыс айту - парызым!» атты іс-шара өткізілді, онда қазақ тілі мұғалімі А.Т.Жумагулова Алғыс күнінің пайда болу тарихын, оның мәні туралы айтты. Іс-шарада педагогтар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті: музыкалық, әдеби, актерлік, сондай-ақ бір-біріне, балабақшаға, елге жылы сөздерін жеткізді.