Сенім телефоны
8(7182)533534
email: sad21@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Астана көшесі, 1 А
8(7182)533534
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Жұмыс күндері: 9.00-13.00 14.00-18.00
Қазақ тілі мұғалімдеріне арналған семинар
28-01-2019 09:17
Қазақ тілі мұғалімдеріне арналған семинар

2019 жылғы 24 қаңтарда МҚКК № 21 сәбилер бақшасында Павлодар қаласы Білім беру бөлімінің өкілдері қатысуымен қалалық балабақшалардың қазақ тілі мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілі сабақтарында оқу қызметін ұйымдастырудың әдістемелік сүйемелдеуі» атты семинар-практикум ұйыдастырылды. Бүгінгі күні мектепке дейінгі мекемелерде ұйымдастырылған оқу қызметіне қойылатын басты талаптары жөнінде сұрақтары қарастырылып талқыланды. ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры болғандықтан, заман талабына сай еліміздің білім беру жүйесінің алдына да жаңа міндеттер жүктеліп отырғаны мәлім. Сондықтан мамандардың күнделікті назарында мектепке дейінгі ұйымдарды технологиялармен қамтамасыз ету және қолданылатын әдіс-тәсілдер жиынтығының тиімділігі жөнінде көптеген кеңестер берілді. Атап айтқанда, семинарға Инновациялық Еуразия университетінің профессоры - Сүлейменова Әсем Қималиденқызы ат салысып, педагог мамандардың кәсіби шеберліктерін ұштады. Семинардың практикалық бөлімінде № 21 сәбилер бақшасының қазақ тілі мұғалімі Жұмағүлова А.Т. қазақ тілі сабағында қолданатын ойын технологиясының дидактикалық құралдарымен практикалық дағдыларын дамытты. Жиналған мұғалімдер қауымы жиі кездесіп, жұмыста кездесетін және оңтайлы о