Логопед-мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы

2019 жылдың 7-нші ақпанда Павлодар қаласының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің бастуымен "Алалия№ Коррекциялық-педагогикалық жұмыстың негізгі бағыттары мен мазмұны" тақырыбы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың логопед-мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. №23 сәбилер бақшасының логопеді А.К.Бекмухамбетова Алалия туралы жалпы түсінік берді. №21 сәбилер бақшасының логопеді А.С.Альмуханова өзінің баяндамасында Алалия кезіндегі логопедиялық коррекциялық жұмыстың ерекшеліктері туралы айтып шықты. Сонымен қатар логопед А.С.Альмуханова ересек тобының балаларымен "Электроқұралдар" атты логопедиялық сабақ өткізді.