Құрметті ата-аналар, әріптестер!
Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен кіршіксіз көңіл, ыстық ықыласпен құттықтаймын.
Жаңа жыл — қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мерекеміз. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды. Келер жылда отбасыларыңызға құт-береке, қызметтеріңізге өрлеу тілеймін. Денсаулықтарыңыз күйлі-қуатты, бақыттарыңыз баянды, көңіл-күйлеріңіз тамаша болсын. Алдағы жыл Сіздерді тек оң өзгерістерімен, ұмытылмас сәттерімен, қызықты кездесулерімен қуантсын. Жаңа 2021 жыл құтты болсын! Мейірім сәулесі мен шапағат шуағы молынан болғай!
