"Домбыра-дастан!"
Павлодар қаласының № 1,9,23,30,86,111,112 сәбилер бақшалары арасында "Аспаптар шеруі" атты челлендж-эстафета ұйымдастырылды. Челлендж барысында сәбилер бақшасы "Домбыра-дастан!" тақырыбында іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара барысында домбыраның шығу тарихы, домбыра туралы ән, тақпақтар айтылды, ару қыздар домбырамен би билеп, домбырада оркестр ойналды.
