"Ұлттың ұлы ұстазы - Ыбырай" байқауы!
Сәбилер бақшамызда Павлодар қаласының № 1, 28,30,46,50 сәбилер бақшалары арасында "Ұлттың ұлы ұстазы - Ыбырай" атты байқау ұйымдастырылып өтті. Байқау барысында Ыбырай Алтынсаринның ағартушылық қызметі туралы баяндалып, өлеңдері жатқа оқылды. Сондай-ақ, Ы.Алтынсариннің шығармашылығына байланысты викториналық сұрақтар ұйымдастырылды. Қатысушылар сайысқа белсенді қатысып, бәйгенің басты жүлдесін Павлодар қаласының № 28 сәбилер бақшасы иеленсе, 1- ші орынды № 30 сәбилер бақшасы, 2-ші орын № 46 сәбилер бақшасы, 3-ші орынды № 1 сәбилер бақшасы өз қаңжығаларына байлады. Және де № 50 сәбилер бақшасы "Жұлдызы жарық үміт" номинациясымен марапатталып, сыйлықтар тарту етілді.
