Павлодар қаласының № 30 балабақшасындағы «Балдаурен» атты ІІ кішкентай топта қызым Аида тәрбиеленеді. Бұл топтың тәрбиеші апайлары Алмагүл апай, Фарида апай,көмекші Жанат апай мен Аиданың анасы ретінде шексіз алғысымды білдіргім келеді. Себебі, тәрбиеші апайлардың бала тәрбиелеудегі жұмысы өте ауыр екендігі белгілі соған қарамастан, әр баланың жүрегіне жылу ұялатып, көңілінен шыға біледі. Оның айғағы жуырда еліміздің төл мерекесі Наурыз мейрамы тойлау барысында тағы байқалды, ата-бабамыздың дәстүрлі салтын дәріптеп, бүлдіршіндердің өнерлерін тамашалап, сыңсыған ақ дастархан үстінде өте кереметтей дем алып қайттық. Осы сынды шараларды ұйымдастыратын тәрбиеші апайлары Алмагүл және Фаридаға еңбектеріне шығармашылық табыс тілей отырып, отбастарына амандық, шаңырақтарына шаттық, құт-береке дарысын демекпін.
Құрметпен: Аиданың анасы Айгерім
