Телефон доверия
50-42-69
Адрес: г.Павлодар, улица Естая 93
504269
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда: 15.00-17.00 Четверг: 15.00-17.00
Ең шапшаңдылар мәреге жетті
28-04-2011 07:46
Ең шапшаңдылар мәреге жетті

 

Ең шапшаңдылар мәреге жетті

Осыдан үш ай бұрын қаламыздағы қазақ балабақшаларының қатарына  тағы бір  бүлдіршіндер ордасы қосылған еді. Ол - №30 қазақ балабақшасы. Аталмыш мекемеде бүгінде 317бала тәрбиеленуде. Жастығына қарамастан бұл бүлдіршіндер ордасы көп жұмыстардың етегін қайырып үлгеруде. Соның бірі  - жақында естияр тобының тәрбиеленушілерінің арасында өткізілген «Кім шапшаң?» атты спорт сайысы.  

Аталмыш шараға құрамында 5 баладан, 3 команда қатысты. Сонымен қатар басқа топтардың балалары мен ата-аналар да болды. Эстафеталық сайыстарға кіріспей тұрып, әр команда өзінің аты мен ұранымен таныстырған еді. Атап өтсек – «Достық», «Күншуақ» және «Жеңіс» топтары. Жалпы, «Кім шапшаң?» спорт сайысы бес кезеңнен құрылды. Атап өтетін жайт, доданың басты ерекшелігі – сайыстардың әр алуанды болуында. Бірінші, екінші кезеңдерде ең шапшаң және қол көмегімен тақтайшадан сырғанап, үш бөгетті құлатпай өткен балалар ұтты. Сонымен қатар, үшінші және төртінші кезеңдерде ең тиянақты бөбектер себепеттеріне ең көп шашылып жатқан шарларды жинап, шеңберлерге екі аяқпен кіріп шығып мәреге бірінші болып жеткендер жеңді. Ал ең соңғы шешуші сайыс – капитандар сайысы еді. Ол бәйге жарыс түрінде өткізілді. Яғни, командалардың капитандары тұлпармен шауып, мәреге шапшаң жету керекті. Сайысқа қатысқан командаларды әділ-қазылар алқасы бағалап отырды.  Қазылар алқасының құрамында №30 балабақшаның директоры Маржан Бисахалова, медбике Әсем Байменова және ата-ана Әсем Маратовна болды. Ұпай сандарының нәтижесі бойынша бірінші орынды «Күншуақ», екінші орынды «Жеңіс» және үшінші орынды «Достық» командасы иеленді. Ата-аналардың бірі Әсем Маратовна өткізілген іс-шараны қолдап, өз ризашылығын білдірді.

Жалпы, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ұлы ойшыл, дана Абай: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп бекер айтпаған. Негізінде ойынға шартты түрдегі мақсаттар қойылады, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекет бала үшін қызықты. Ойын балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі деуге болады. Осы сайысқа қатысқан балалардың бойында ойын барысында өзін еркін сезінгендері, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеттері ерекше байқалды. Сондай-ақ, қатысқан бүлдіршіндердің көтеріңкі көңіл күйі мен ата-аналардың жағымды пікірлерінен сайыстың нәтижелі өткені айдан анық көрінді. Бүлдіршіндер серігіп, бойларын шымырлап, мәз-мәйрам болып топтарына тарқады. Осындай салауатты ұрпақты тәрбиелеу үшін, жастайынан салауатты өмір салтына, тәрбиеге көп мән бөлінуі тиіс деп ойлаймыз.

 

Жансауле МУХЫШЕВА,

 №30 балабақшаның хореографы