«№ 30 балабақшада» 28.04.2011 ж. күні 1-мамыр достық мерекесіне орай ересектер тобының бүлдіршіндері «Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналады. Ән-күй жетекшілері Ибышева Диана Мерғалымқызы, Токсаринова Эльмира Толғатбекқызы ертегі желісін көркем сахналады. Сахналауда ересектер тобының яғни «Жұлдыздар» тобының балалары қатысты. Әр бір ертегі кейіпкерлері өздеріне берілген рольдерін тиянақты, нақышына келтіре ерекше әртістік қабілетпен сомдай білді. Мақтақыз ролінде Байғалина Әдия, мысық ролінде Ерубаев Батырхан, тышқан ролінде Қабылбек Арай ойнады.
«№ 30 балабақшасында» осындай сахналаулар ай сайын өтіп тұрады. Балалардың тілін дамытып, сөздік қорын молайтуда, мұндай шаралардың орны ерекше. Міне, сондықтан да бақшамызда осындай ойын сауықтар жиі өтіп тұрады.
