Телефон доверия
50-42-69
Адрес: г.Павлодар, улица Естая 93
504269
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда: 15.00-17.00 Четверг: 15.00-17.00
Ұйқыдан кейінгі шынықтыру шаралары.
05-05-2011 07:27
Ұйқыдан кейінгі шынықтыру шаралары.

 

Ұйқыдан кейінгі шынықтыру шаралары.

Күн тәртібіндегі денсаулық сақтау жағынан маңызды бір шара – ұйқыдан кейінгі шынықтыру кезеңі болып табылады. Міне, сондықтан да МҚКК №30 сәбилер бақшасында осы кезеңді қызықты, бала жасына сай жаттығу түрлерін өткізу ойын түрінде, халық ауыз әдебиетін қолдана отырып өткізуге көп көңіл бөлінген. 18.04.2011-20.04.2011жж. аралығында МҚКК №30 сәбилер балабақшада бірнеше топ тәрбиешілері ұйқыдан кейінгі шынықтыру түрлерін көрсетті. Әрбір топ тәрбиешілері баланың жас шамасына сәйкес, әртүрлі (ойын түрінде, ертегі, саяхат) іс-әрекет түрінде өтті. Мысалы: «Балапан» бірінші сәбилер тобында «Әже ауылында қонақта» деген тақырыпта өтсе, ал «Көбелектер» бірінші сәбилер тобында «Гүлзарға саяхат», екінші сәбилер «Балдырған» тобында «Эльфтер гүлдер елінде» деген атпен, естияр «Алтыншуақ» тобында «Орманға саяхат» деп аталып, сабақта әртүрлі жолдармен өтіп (түймелі алашалар, кедір бұдырлы жолдар тағы басқа) саяхат шөп шаймен ішумен аяқталды.

Ал ересектер «Жұлдыздар» тобында жаттығуды «Бір қазан сүт» ертегісі түрінде көрсетіп, сабақ соңында ыстық сүт ішті. Балабақшаның ауласы бөлме эстетикасы әртүрлі шынықтыру жаттығуларын күнделікті қолдану, балаларды ойната жүріп, денелерін шынығу, баланың денсаулығын нығайтып, көңіл-күйінің жоғары болуына әсер етері сөзсіз.