Сенім телефоны
50-42-69
Мекенжайы: Естай көшесі, 93
504269
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 15.00 - 17.00 Бейсенбі: 15.00 - 17.00
МҚКК №30 сәбилер балабақшасындағы педкеңес
06-05-2011 14:26
МҚКК №30 сәбилер балабақшасындағы педкеңес

 

МҚКК №30 сәбилер балабақшасында педкеңес болып өтті. Сәуір айында «Денсаулық» саласы бойынша әртүрлі шынықтыру шараларына көп көңіл бөлінді. Бірнеше тәрбиешілер педкеңеске дейін, ұйқыдан кейінгі шаралар өткізілген болатын. Педкеңес психожаттығумен басталады. Әдіскер Рахымжанова Айгүл Төлегенқызы салауатты өмір салтын қалыптастыруда «Дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді қолдану маңызы» атты баяндама жасады. Әрбір топтың «Денсаулық» бұрышына әдіскер анықтама оқылды, блиц сұрақтар болды. «Сиқырлы қоржын» бойынша топтарға бөлініп отырды. «Сиқырлы қоржыннан» ұстаздар суреттер алып, сол суреттер бойынша әңгімелеп, өз ойларын тақтаға шығып қорғады. Егерде денеге жаттығу жасамаса не болар еді? және тағы басқа сұрақтарға жауап берді.

Әрбір топтың тәрбиешілері «Ең әдемі телім» макетін педкеңеске ала келіпті. «Ең әдемі телім» атағын үш топ жеңіп алып, мадақтамалармен марапатталды. Сондай-ақ МҚКК №30 сәбилер балабақшасының «Үлгілі тәрбиеші», «Мұнтаздай таза топ» номинациясымен мадақталды. Педкеңес ұстаздың өз-өзін бағалауымен аяқталды. Әрбір ұстаз әртүрлі көлемдегі үш гүл күлтешелеріне өздеріне осы педкеңесте не ұнағанын, өздерінің ұсыныстарын жазды. Міне, осылайша ұстаздар педкеңеске дән риза болып, топтарына тарады.