"Қош келдің, Жаңа жыл!"
Сәбилер бақшасының барлық топтарында Жаңа жылдық мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Балалар іс-шара барысында Аяз ата, Ақшақар және басқа да кейіпкерлермен көңілдерін көтеріп, би билеп, ойындар ойнады.
