"Толағай" отбасылық сайыс
24 қаңтар күні мектепалды даярлық топтары арасында "Толағай" отбасылық сайыс ұйымдастырылып өткізілді. Сайысқа ата-аналар мен бүлдіршіндер қызығушылықтарымен қатысып, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, қырағылықтарын көрсете білді. Сайыстың қорытындысы бойынша екі команданың ұпай сандары тең болып, жүлделі орынды бөлісіп алды.
Сайысқа белсене қатысқан ата-аналарға ризашылығымызды білдіреміз!!!❤️
