"Ертегі әлеміне саяхат"
«Бүлдіршін» тобында «Ертегілер әлеміне саяхат» - атты тақырыптық сабақ өте қызықты өтті. Балалар ертегі кейіпкерлер рөліне ене отырып, бір бірімен қарым – қатынасқа кіріп, сахналай көрсете білді. Сабақта бүлдіршіндер ертегілерді атап, олардың атқарған іс-әрекетін қызыға атап көрсетті. Тақпақ, жұмбақтар арқылы ойларын жеткізе білді. «Шалқан» ертегісін сахналап көрсетті.
